"Байқоңыр" келісім-шарты Қазақстан конституциясына қайшы
"Байқоңыр" келісім-шарты Қазақстан конституциясына қайшы
6 жыл бұрын 3792 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Келісім-шартқа сәйкес Қазақстан азаматтары Ресей заңдары бойынша жауапкершілікке тартылып келген. Бұл жайында ҚР конституциялық кеңес мүшесі Виктор Малиновский орталық коммуникация қызметінде мәлім етті. 

Қазақстан Республикасының конституциялық кеңесі "Байқоңыр" кешенін жалға беру келісім-шартында қарастырылған шарттарды ҚР егемендігі туралы конституция нормаларына қайшы келетінін мойындады. Аталмыш кеңес мүшесі Виктор Малиновскидің айтуынша, бұл келесім-шарттың қолданыстағы кезінде көптеген заңда қайта қаралып, Қазақстан егемендігін, сондай-ақ, азаматтардың құқығы мен бостандығын шектейтін нормалар мен құжаттар өз күшін жойған болатын. 1995 жылдан бері - кеңес жұмысын бастаған кезден бері - конституциялық заңға сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша 190-нан аса арыз-шағым түскен. Олардың көбісі депутаттарға жолданды. Шамамен 140 нормативті қаулы шығарылды. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы келісім-шартқа сәйкес "Байқоңыр" кешенін Ресей тарапы 2050 жылға дейін жалға алған еді. Кешеннің құрамына ғарыш айлағы мен қала да кіреді. 

0 пікір
Мұрағат