Азия мұсылмандары комитетінің Қазақстандағы қайырымдылық жобалары (фото)
|
Кувейттің Бүкіләлемдік Исламдық қайырымдылық қоры 1989 жылы 9 ақпанда құрған Қазақстандағы Азия мұсылмандары комитетінің кедейлік пен жұмыссыздықты жою, жетім балаларды қорғау, отбасылық жағдай төмен отбасыларға көмек көрсетуде 1993 - 2016 жылдар аралығында Шымкентте жүзеге асырған жобалары жайында мәлім етілді.
Кувейттің Бүкіләлемдік Исламдық қайырымдылық қоры Кувейт әмірі шейх Жабир әл-Ахмет ас-Сабахтың қаулысымен 1986 жылы 21 маусымда құрылған болатын. 1992 жылы ҚР Шымкент қаласында Алия мұсылмандар комитетінің офисін құру туралы өтініш жасалды. Осы өтініш негізінде 1993 жылы 22 маусымда ҚР Әділет министрлігінің Шымкентке аккредитациялау жөніндегі рұқсатын алды.
Комитеттің офисі 2001 жылға дейін Алматы қаласында жұмыс жасап, өкілдік директорының рұқсатымен жабылды.
23 жыл бойы жүзеге асырылған жобалардың қатарында Шымкенттегі 54 мешіттің құрылысы, 8 ислам орталығының іске қосылуы (мешіт-медреселер, жуыну орындары, имамдар бөлмесі), 1 мектеп, 5 шақырымдық Қарабұлақ өзеніндегі су каналы, мешіт салу барысында Шардж қорына көмек көрсету, 1180 құдық қазу, 30-90 метрлік тереңдіктегі 6 артезиан құдығы, 12 амбулатория құрылысы жасалды.
14 жоба білім беру, сондай-ақ зекет, қайырымдылық бағытында (науқастарға дәрі-дәрмек сатып алу, тұрмыс деңгейі төмен отбасылардың балаларына мектепке қажетті оқу құралдары мен киімдерін алып беру) іске асты. Мыңға жуық жоба ОҚО жетім балалары, тұрмыс деңгейі төмен отбасыларға, балалар үйі мен мешіт имамдарына көмектесу мақсатында жасалды.