Халал саяхаттың ең үздік бағыттары анықталды
Халал саяхаттың ең үздік бағыттары анықталды
7 жыл бұрын 2910

Мұсылман әлемінің ең үздік туристік бағытын айқындаумен әрі марапаттаумен айналысатын әдәлқазылар алқасы биылғы жүлдеге Индонезияның батыс Суматра провинциясын лайық деп тауыпты. Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасында табысталатын World Halal Tourism Awards-2016 жүлдесінің 16 аталымының жеңімпаздары жарияланды. Олардың 12-сін Индонезия қанжығасына байлаған. Биыл шариғат талаптарына сай қызмет көрсететін ең үздік әуе тасымалдаушы ретінде индонезиялық Garuda Indonesia компаниясы танылды. Ал ең үздік халал әуежай атағын Суматра аралында орын тепкен  Банда-Ачех қаласындағы Ескендір Муда сұлтан атындағы әуежай жеңіп алған. Мұсылман саяхатшысына ең жайлы отбасылық қонақ үй бойынша Балидегі  The Rhadana Kuta отелі жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, Индонезиядан бөлек Малайзия елі де ең мұсылман туристері үшін ең үздік бағыт ретінде танылған. Нақтырақ айтқанда, халал туризм және қажылық пен ұмраға арналған қонақ үйлерімен алдыңғы орынға шыққан.  Одан кейінгі орында Түркия тұр – ең үздік круиздік оператор ретінде танылды. Қызық болғанда, бұл бәйгеде ислам елі болып табылмайтын, ол ол ма, мұсылмандар қарасы мүлдем аз Жапония да көш бастаған. Келешегі  жарқын туристік бағытымен. 

0 пікір
Мұрағат