«Асыраушы отбасы» мемлекеттік бағдарламасы өз нәтижесін бере бастады
«Асыраушы отбасы» мемлекеттік бағдарламасы өз нәтижесін бере бастады
7 жыл бұрын 4310 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Солтүстік Қазақстан облысында осы жылдың басында «Асыраушы отбасы» деп аталатын әлеуметтік маңызды жоба қолға алынған болатын. Аталмыш бағдарламаға сай бала асырап алған отбасыларына мемлекет тарапынан материалдық көмек көрсетіледі. Нақтырақ айтқанда, әр бала үшін ай сайын 10, ал ата-анаға 20 есептік көрсеткіш көлемінде жәрдемақы беріледі. Тек бір шарты бар: бағдарламаға қатысқысы келетін отбасы ең кемі 4 бала асырап алуы тиіс. Айта кету керек, Мамлют ауданының Искра ауылында тұратын Кустовтар және Эсмурзиевтар отбасы 4 баладан асырап алды. Аталған бағдарламаға алғаш атсалысқандар да осы отбасылар болып отыр. Кустовтардың отбасында 3 кішкентай болатын. Енді Михаил мен Сергей енді 7 баланың ата-анасына айналды. Ал Наталья мен Сергей Эсмурзиевтарға сәби сүю бақыты бұйырмапты. Бірден көпбалалы отбасына айналған ерлі-зайыпты балаларына жақсы тәрбие беретіндеріне сенімді.

0 пікір
Мұрағат