Астанада 23 жастағы медуниверситет студенті жоғалып кетті
Астанада 23 жастағы медуниверситет студенті жоғалып кетті
8 жыл бұрын 2622 ҚазАқпарат
Әлеуметтік желіде Астана медициналық университетінің 23 жастағы студенті Ерасыл Әубәкіровтің жоғалып кеткені жайлы ақпарат таралуда.

«3 ақпанда сағат 18.00-де үйден  (Сарыарқа-Сейфуллин) өз айтуымен  «жұмыстары бойынша»  (жұмыс, бойжеткен, достары емес) шыққан. Бәрін тексердік. Бағыты  - сол жағалау.  Үйге қайтып оралмады. Телефоны сөндірулі. 4 ақпанда университетке сабаққа бармаған.   Емтихан болса да! (...)  Ол дайындалып жүрді!» - делінген  Facebook-та жарияланған хабарламада.

 Ерасыл   қошқыл-көк түсті қысқы күрте, қоңыр түсті құлақшын киген.    Бойы шамамен - 175-180. Салмағы  70-75 келі. Дене бітімі шымыр.

«Ерасыл - Астана медициналық университетінің 6-курс студенті.   Интерн-хирург. Үздік! Әнші! Белсенді! Аға! Дос! Ашық-жарқын! Жауапты! Қарапайым! Тәрбиелі! Темекі шекпейді! Ішімдік ішпейді! Діни ағымдармен және т.б. байланысы жоқ. Жоғалып кетті. Табуға көмектесіңіздерші! Өтініш!» - деп Ерасылдың досы Диас жазды.

Ол туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса: 8 747 024 81 29 (Ерасылдың әкесі) және 8 707 143 94 25 (Диас) телефондарына хабарласуды сұрайды.

0 пікір
Мұрағат