Астана дәрігерлері әлемде баламасы жоқ айрықша құрылғы жасады
Астана дәрігерлері әлемде баламасы жоқ айрықша құрылғы жасады
4 ай бұрын 553 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Астаналық дәрігерлер тобы донорлық ағзаларды ұзақ уақыт тасымалдауға және оларды денеден тыс емдеуге арналған бірегей құрылғы жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Zakon.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының дәрігерлері ALEM (Astana Life Ex-situ Machine) деп аталатын бірегей құрылғыны жұртшылық назарына ұсынды. Донорлық ағзаларды ұзақ уақыт бойы тасымалдауға және оларды денеден тыс емдеуге мүмкіндік беретін құрылғы және қазіргі уақытта оның баламасы жоқ. Қазақстанда трансплантология тарихында дәрігерлер донорлық ағзаларды тасымалдау үшін америкалық құрылғыны пайдаланып келген еді, алайда, оның мүмкіндіктері қажеттіліктерді өтей алмады, ал оны пайдалану тым қымбатқа түсетін. Ал соңғы уақытқа дейін бүкіл әлемде донорлық жүректі тек төрт-алты сағатта тасымалдай алатын, бұл уақыттан асқанда ол трансплантацияға жарамсыз болып қалатын. Осы олқылықты ескерген Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының дәрігерлері донорлық ағзаларды тасымалдау уақытын созудың әдісін тауып, донорлық ағзалардың «ғұмырын» ұзартуда әлемдік рекорд орнатты – 24 сағатта аса сақтауға мүмкіндік береді. UMC клиникалық, академиялық кардиохирургия департаментінің директоры Тимур Лесбеков донорлық жүректердің 70%-ның уақыты асып кеткендіктен жарамсыз күйге түсетінін жеткізді. ALEM құрылғысының келешегі кең және қазірдің өзінде оны трансплантологияға ғана емес, хирургияға, онкологияға және перфузионологияға да қатысты қолдануға болады. Биыл бұл айрықша құрылғыны клиникалық сынақтан өткізеді әрі өндіруге жібереді.

Уникальное устройство для донорских органов создала команда врачей из Астаны

0 пікір
Мұрағат