Алматыдағы өрт: ЖОО-лар студенттердің қазасына байланысты көңіл айтты
Алматыдағы өрт: ЖОО-лар студенттердің қазасына байланысты көңіл айтты
8 жыл бұрын 2507 Өрттен қаза тапқан студенттер.

Өрттен қаза тапқандардың ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғарғы оқуы орнының екі студенті бар: Нұрлыбек Сартпаев, электрэнергетика мамандығы бойынша физика-техникалық факультеттің 3-курс студенті; Еламан Айдаралиев, ядролық физика мамандығы бойынша физика-техникалық факультеттің 3-курс студенті.

"Олар жатақханада тұрған (студенттер Алматы облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысынан келген), бос уақыттарында жұмыс істеген. Университет пен кәсіподақ қаза тапқандардың отбасының әрқайсысына 340 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті. Сондай-ақ, факультеттегілер мен бірге оқыған достары да көңіл айтып, қаза тапқандардың отбасына көмектесуге дайын екенін айтты", - деп хабарлады әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметіндегілер.

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіндегілер де қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты. Ол университетте Абылайхан Зұлпыбеков пен Ёкубжон Тохтамышев білім алған. Олар машина жасау факультетінде 4-курста оқыған.

"Университет басшылығы, А.Бүркітбаев атындағы өнеркәсіптік инженерия институтының ұжымы мен  "Стандарттау және машина жасау" кафедрасы 2016 жылдың 6 қарашасында Almaty towers ғимаратында болған өрттен қаза тапқан студенттердің туыстарына көңіл айтады", - делінген Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің сайтында.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ әкімшілігі мен ұжымы стоматология факультетінде білім алған, 21 жасында қаза тапқан Исмаилжон Исраиловтың отбасына және туыстарына көңіл айтады.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 6 қарашасында "Алматы Тауэрс" ғимаратында өрт шығып, 80 адамның эвакуацияланғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, өрттен кейін төрт адамның мәйіті табылғаны айтылды.

0 пікір
Мұрағат