Әлеуметтік желіде тіл тигізгендерге жаза қолданылады
Әлеуметтік желіде тіл тигізгендерге жаза қолданылады
10 жыл бұрын 3402

Елімізде әлеуметтік желілерде қалжыңдаймын деп отырып, біреудің ар-намысына тіл тигізгендерге, жөнсіз қылжақтап, әдептен аттағандарға, жала жапқандарға ендігі жерде 5 мың доллар айыппұл салынуы мүмкін. Әлеуметтік жазбалардағы мұндай келеңсіздіктерді арнайы комиссия тексеріп, анықтайтын болады. Үстінен арыз түспегендер де айыппұлдан құтылмайтын болады. Жастардың ақпарат қызметінің бас директоры Ирина Медникова ол үшін жүз мыңдаған қазақстандықтардың жазбаларын тексеруге көп уақыт кететінін, ең бастысы, бұл шаруаның оңайға соқпасын, техникалық қиындықтармен бетпе-бет келетінін айтып отыр. Өйткені, ғаламторды пайдаланушы қазақстандықтардың қатары жылдан жылға артып келе жатқанын жеткізді. Бұл мәселені шешу үшін арнайы штат ашу қажеттілігін де алға тартып отыр. Алайда, осы мәселеге қатысты заңда зілсіз, достық қалжың мен әзілдеген болып, адамның жеке басына тиісетін жазбалардың арасын қалай ажырату керектігі көрсетілмеген.

0 пікір
Мұрағат