ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева келесі жылдан бастап медицина саласын таңдаған талапкерлерге талап күшейтілетінін айтты.
2019 жылдан бастап медицина мамандығын таңдаған талапкерлер арнайы емтихан тапсырады
|
«Бүгінгі таңда елімізде 5 мемлекеттік медициналық жоғары оқу орны, 4 мемлекеттік емес жоғары оқу орны, көп профильді білім беру ұйымдар құрамындағы 6 факультет медициналық білім береді. Жалпы, биылғы оқу жылында оқуға, бірінші курсқа 6 мың 373 адам қабылданды. Ал 2018 жылы 6 мың 496 адам оқу бітірді», - деді Ақтаева Сенатта өтіп жатқан «ҚР-да кәсіптік білім беру сапасын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстелде.
Вице-министрдің айтуынша, медициналық жоғары оқу орындарына түсуге студенттерді іріктеу үшін оларды арнайы емтиханнан өткізу қажеттігі заң жүзінде енгізілді.
«Яғни, келесі жылы 2019 жылғы талапкерлер арнайы емтихан тапсыратын болады», - деді Ләззат Ақтаева.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
От шашып, жалын бүркетін робопс пайда болды (видео)
■
Ым-ишара тілін дауысқа айналдыратын (аударатын) смарт көзілдірік жасалды (видео)
■
Сауытты бұзатын ұшқышсыз ұшу аппаратының мүмкіндіктері жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Шоколадтың жаһандық қорына қауіп төнді
■
Әлемдегі ең шапшаң тікұшақ алғаш рет ұшты (видео)