2018 жылы Қазақстанда электронды визалар беріле бастайды
2018 жылы Қазақстанда электронды визалар беріле бастайды
6 жыл бұрын 2448 7kun.kz segodnya.ua

2018 жылы Қазақстан электронды виза беруді бастайды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, деп хабарлады LS.

Сыртқы істер министрлігінің өкілі хабарлағандай, бастапқыда бұл жоба қазірдің өзінде анықталған кейбір елдер үшін пилоттық тәртіпте жүзеге асырылатын болады.

«ҰҚК басқаратын «Бүркіт жүйесі» жетілдірілетін болады және республикалық бюджет комиссиясы оны мақұлдады, сондықтан ҰҚК өз жүйесін жетілдіре алады. Сондықтан биылғы жылдан бастап электрондық визаларды беруді бастаймыз», – деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ, ол электрондық визаларды енгізу «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатындығын айтты.

0 пікір
Мұрағат