Түркиядағы Ресей елшісіне жасалған қастандықтың жауапкершілігін "Жебһат ан-Нусра" тобы өз мойнына алды
Түркиядағы Ресей елшісіне жасалған қастандықтың жауапкершілігін "Жебһат ан-Нусра" тобы өз мойнына алды
7 жыл бұрын 4529

Кеше ғана әлемді дүр сілкіндірген қанды оқиғаның басты себепкері анықталды. Тарқатып айтқанда, Түркиядағы РФ елшісі Андрей Карповқа қару кезеніп, оқ атқан полиция түлегі Меуліт Мерт Алтынташтың террористер ұйымының мүшесі болғандығы анықталды. Дәлірегі, "Жейш әл-Фатх" атты сириялық қарулы  коалиция РФ елшісінің өлімімен аяқталған қастандықтың жауапкершілігін өз мойнына алды. Аталған ұйым өздерінің бұл әрекетін РФ-дан Алеппо қаласындағы бейбіт тұрғындарды қанға бөктіргені үшін кек алуымен түсіндіріп отыр.

1 пікір
Мұрағат