Түркияда табылған жаңа мұнай кенішіне мұғалімнің есімін берді
Түркияда табылған жаңа мұнай кенішіне мұғалімнің есімін берді
12 ай бұрын 1552 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түріктердің TPAO мұнай концернінің сарапшысы Мәлік Хан Білгін елдің оңтүстік-шығысынан таяуда табылған жаңа кен орнының қорын бағалады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, аталған кен орнындағы мұнай қоры шамамен 70 млрд долларды құрайды. Оның алдында ел президенті Режеп Тайып Ердоған Жизра қаласын маңында орын тепкен таудағы кен орнын барлаған геологтар есебіне сүйене отырып, тәулігіне 10 мың баррелге дейін мұндай өндіруге болатынын мәлімдеген болатын. Аталмыш кен орны 2017 жылы күрд террористерінің қолынан қаза тапқан Айубике Йалшын есімді мұғалімнің құрметіне аталған.

0 пікір
Мұрағат