«Той қазан-2015» ұлттық тағамдар фестивалінен көрініс (Видео)
«Той қазан-2015» ұлттық тағамдар фестивалінен көрініс (Видео)
8 жыл бұрын 4802

Көптен күткен мереке де өз бастауын алып үлгерді. Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған "Той қазан-2015" ұлттық тағамдар фестивалі күннің салқындығы мен жауын-шашынына қарамастан қызықты өтуде. Алатау бөктерінде таза ауа мен тыныстап, ұлттық тағамдардың дәмін татып, әдемі концерт көріп жүрген жұртшылықтың қуанышында шек жоқ. 

Фестивальге бара алмай қалай өтіп жатқанын білгісі келетін көрермен үшін массагет тілшілері шағын бейнеролик дайындады. Бұл видеодан сіздер тау бөктеріндегі табиғаттың қандай екенімен қоса фестивальге келген жұртшылықты байқай аласыздар. Және осы жобаның авторының пікірін тыңдап, жоба не үшін, қалай пайда болғанын білесіздер. Сондай-ақ, бұл жерден арнайы концерт өтетіндіктен елімізге танымал әнші Нұрлан Абдуллиннің де осы фестиваль туралы жылы лебіздерімен таныс боласыздар.  

0 пікір
Мұрағат