Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығы кең көлемде тойлануда
Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығы кең көлемде тойлануда
9 жыл бұрын 5245 24.kz

Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтой басталды.

Дүбірлі тойдың куәсі болуға жан-жақтан қонақтар толассыз келіп жатыр. Тек бүгіннің өзінде шаһардың бірнеше жерінде өнер майталмандары дайындаған көптеген концерттер мен театрландырған қойылымдар халық назарына ұсынылуда. Бұдан бөлек халықаралық конференциялар мен форумдар бастау алды. Бүгін Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тойдың шымылдығы түрілді. Еліміздің барлық өңірлері мен алыс-жақын шетелдерден қонақтар келіп жатыр. Шаһардың әр аудандарында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, көпшіліктің көңілін көтеруде. Жалпы, ұлы тойға еліміз бен шет елдерден бас-аяғы 30 мыңнан астам адам келеді деп күтілуде. Олардың алғашқылары болып бүгін саяхатшы байкерлер жетті.

Тарихи тойдың негізгі бөлігі 8-9 қазан күндері өтеді. Жалпы, шара барысында «Мәңгілік ел» республикалық ақындар айтысы, «Ұлы дала ойындары»: аламан бәйге, ұшқыр жарыс бәсекелері және қазақ күресінен «Еуразия барысы» турнирі өткелі отыр. Сондай-ақ, «Қазақ хандығы» монументі ашылады. Онда қазақ хандығының іргесін қалаған Керей мен Жәнібектің мүсіндері бейнеленген.

Тараз маңында сырттан келген қонақтар назарына ұсынатын 3274 тарихи орын мен құнды жәдігер бар. Олардың негізгілері «Қазақ хандығы» монументі мен «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы болып отыр. Оны туристерге таныстырып, түсіндіру үшін негізгі үш тілді меңгерген 400-ден астам еріктілер тобы да жасақталған. Сонымен қатар тойда мәдени-шаралар өтетін бағыттар бойынша арнайы қоғамдық көліктер бар. Ал қонақтарды орналастыру үшін 40-қа жуық қонақүй мен демалыс орындары дайындалған. 

 

Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына өтетін іс-шаралар

 Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына өтетін іс-шаралар

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай  8-10 қазан күндері Тараз қаласында өтетін іс-шаралар жоспары жарияланды, - деп хабарлайды massaget.kz порталы.

 

БАҒДАРЛАМА

8 қазан

9.00 - «Тарих. Әйелдер. Қазақстан» атты республикалық конференция
Болатын орны: Қалалық мәдениет үйі

10.00 - «Ұлы Дала Елі» республикалық тарихи-мәдени экпедициясының қорытындысын шығару бойынша халық халықаралық форум
Болатын орны:  М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті

14.00 - Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы Жібек жолындағы пікірлесу: Орталық Азия: аймақ халқының ынтымақтастық тәжірибесі» халықаралық культурологиялық жобасының пленарлық мәжілісі
Болатын орны: М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті

10.00 - Байкерлердің мотошеруі
Болатын орны: «Аю тропик» демалыс орталығынан Тараз қаласы 

11.00 - «Қазақ хандығы» энциклопедиясының тұсаукесері
Болатын орны: Тараз мемлекеттік педагогикалық  Институты

11.00 - «Мәңгілік ел» республикалық ақындар айтысы
Болатын орны: «Баласагұн» ОКЗ

18.00 - Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары өнерпаздарының концерті
Болатын орны:  Ы.Сүлейменов көшесі
                        «Жастар» стадионы
                        «Ұлан» стадионы
                        «Мамыр» алаңы

18.00 - Қ.Ысқақовтың «Қазақтар» атты тарихи-драмалық қойылымы
Болатын орны: Облыстық драма театры

 

9 қазан

10.00 - «Мәңгілік ел» республикалық ақындар айтысы
Болатын орны: «Баласагұн» ОКЗ

10.30 - «Көне Тараз» археологиялық паркі және музейімен танысу
Болатын орны: «Көне Тараз» археологиялық паркі

11.00 - Қазақ күресінен «Евразия барысы» халықаралық турнирі
Болатын орны: «Тараз-Арена» спорт кешені

11.00 - Сиянь-Тараз «Ұлы Жібек жолы мәдениет керуені», републикалық «Ұлы Дала Елі» тарихи-мәдени экспедициясы, «Тарих. Әйелдер. Қазақстан» конференциясына қатысушылар мен мотобайкерлердің шеруі
Болатын орны: Тауке хан, Төле би көшелері

12.00 - «Қазақ әлемі» тарихи-этнографиялық кешені:
- «Жәдігер» жылжымалы музей экспозициясы
- Ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі және шеберлер-класы 
- «Алтын сақа»: ұлттық ойындар сайысы /киіз бұйымдар қойылған балалар алаңқайы/
- «Фольклор және өмір» - қазақтардың ғұрыптық жырлары
«Тарих доңғалағы» алаңқайы: көшпелі цирк бағдарламасы
- «Киіз күмбездер»: қазақ киіз үйінің тарихы, сыры, мағынасы, түрлері туралы интерактивті-танымдық бағдарлама 
«Көк күйме» алаңқайы: «Сақтардан қазақтарға дейін» - «Арлан» киім үлгісі театрының тарихи қойылымы
«Дулыға» алаңқайы: «Ер қаруы – бес қару»: көшпенділердің қару-жарақтарымен таныстыру бағдарламасы
«Ақ шатыр» сахна алаңы: «Мәңгілік сарын» - Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің бағдарламасы 
- «Беркініп садақ асынған» - қазақтың батырлық жырларындағы эпикалық толғаулардан концерт 
- «Ғасырлар сазы» - фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер концерті
- «Жетісу әндері» - дәстүрлі әншілік мектебінің әндері 
- «Тұран» фольклорлық тобының концерті
- «Арқа әндері» - дәстүрлі әншілік мектебінің әндері
- «Дала нақыштары» - ұлттық билерге арналған бағдарлама 
- «Қонақкәде» - түркітілдес халықтар музыкасының концерті
- «Қоңыр» этно-тобының концерті.
Болатын орны: ҚР Тұңғыш Президенті саябағы
 
14.00 - «Ат полосы» ойынының көрсетілімі
            «Ұлы дала ойындары»: аламан бәйге – 31 км, топ бәйге – 21 км, ұшқыр жарыс – 2,4 км
Болатын орны: Атшабар алаңы
 
15.00 - Алматы қаласы, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары өнерпаздарының концерті
Болатын орны:  Орталық «Достық» алаңы
                       «Жастар» стадионы
                       «Ұлан» стадионы
                       «Мамыр» алаңы

16.00 - С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының «Ұлы арман» спектаклі
Болатын орны: Облыстық драма театры

19.00 - Ж.Ерғалиевтың «Қилы жол» атты драмалық қойылымы. Гала-концерт. Мерекелік отшашу. 
Болатын орны:  Орталық стадион

 

10 қазан
11.00-22.00 - «Ақ шатыр» сахналық алаңындағы бағдарламалар:
- «Мәңгілік сарын» - мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің бағдарламасы 
- «Аспаптар шеруі» - қазақтың музыкалық аспаптары 
- «Қонақкәде» - түркітілдес халықтар музыкасының концерті
- «Тоғыз перне» - қазақ күйлеріне арналған бағдарлама
- «Батыс әндері» - дәстүрлі әншілік мектебінің әндері
- «Азаттық жырлары» - қазақтың жыр-термелері
- «Тұран» фольклорлық тобының концерті
- Тамара Асардың концерті
- «Тараздың нұрлы түні» - қатысушылардың гала-концерті
Болатын орны: ҚР Тұңғыш Президенті саябағы
0 пікір
Мұрағат