Танымал тұлғалар Ұлттық музейге сый жасады (ФОТО)
Танымал тұлғалар Ұлттық музейге сый жасады (ФОТО)
9 жыл бұрын 6994

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде өткен «Ұлттық музейге сый тарту» акциясының аясында елімізге белгілі бірқатар тұлғалар тарихи жәдігерлерді музей қорына салтанатты түрде табыс еткен.

Игі шараның басты мақсаты ұлттық тарихи-мәдени мұрамызды сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару. Ел арасында елеусіз жатқан тарихи маңызы зор құнды заттарды, ұлтымыздың ұлы тұлғаларының жәдігерлерін кәсіби тұрғыда сақтауға және көпшілік назарына ұсыну үшін Ұлттық музейге тапсыруға үндеуге арналған бұл шараға зиялы қауым өкілдері белсене қатысты.

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың қаракөл бөрігі. Музей қорына белгілі журналист, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Абай Балажан өткізді.

Даңқты батыр Қасым Қайсеновтың портреті. Музей қорына батырдың қызы Г.Қайсенова тапсырды.

Ұлы Отан соғысының ардагері Ж.Меңдіғалиевтің марапаттары. Жәдігерлерді музей қорына батырдың ұрпақтары табыстаған.

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың медальдары. Музей қорына спортшының өзі өткізген.

Ақын Қадыр Мырза Әлидің бұйымдары. Жәдігерлерді музей қорына ақын атындағы қордың басшысы Д.Қажымов өткізді.

Халық ақыны Кенен Әзірбаевтың домбырасы. Музей қорына ақынның ұлы Б.Әзірбаев тапсырды.

Халық ақыны Кенен Әзірбаевтың жеке Құран кітабы. Музей қорына ақынның ұлы Б.Әзірбаев тапсырды.

Белгілі саясаттанушы Ерлан Қариннің ҚР Ұлттық музейіне тапсырған садақ жеберлерінің ұштары. 

Айта өтейік, «Ұлттық музейге сый тарту» акциясына қатысушы өзінің коллекциясындағы құнды жәдігерді, ел тарихына қатысты елеулі мұраны немесе елге белгілі тұлғаның қолданған заттарын музейге сақтауға табыстайды. Барлық сый-тартуларға (жәдігерлерге) заңдық негізде қабылдап алу шарты жасалып, олар музейдің қорына өткізілетін болады. Сый-тартулар негізінде Ұлттық музейде арнайы көрме ұйымдастырылады. Акция жыл бойы жүргізіліп, биылғы жылдың желтоқсан айында қорытындыланады. Барлық қазақстандықтарды осы акцияға белсенді қатысуға шақырамыз!

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС,
Ғабит МАДАЛИЕВ (фото) 

 

Әзірет Сұлтан музейі астаналықтар назарына көрме ұсынады (ФОТО)

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Ұлттық игілік» музейаралық серіктестік жобасы аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі (Түркістан қ.) қорынан ұйымдастырылған «Мыңжылдықтар сәулесі» атты көрменің ашылуы өтті.

Экспозицияда көпшілік қауымның назарына ғылыми зерттеудің археологиялық кезеңінен бастап музейтану кезеңінен өткен шырағдандар қойылды. Назарларыңызға көрмеге қойылған жәдігерлердің бірқатары туралы фоторепортаж ұсынамыз. 

Қола шырағдан. 15 ғасыр. 

Қасиетті от сақтайтын қыш ыдыс. 11 ғасыр.

Айдаһар бейнесіндегі шырағдан. 15 ғасыр.

Темір шырағдандар. 19 ғасыр. 

Аспалы шырағдан. 19 ғасыр.

ҚР Тұңғыш Президенті Музейіндегі бұл көрме алдағы 13 сәуірге дейін жалғасады. Астаналықтар мен қала қонақтары көрмені аптаның жұмыс және демалыс күндері (дүйсенбіден басқа) тегін тамашалай алады.

0 пікір
Мұрағат