Шетелдік валютаны cатуға және сатып алуға тыйым салынды
Шетелдік валютаны cатуға және сатып алуға тыйым салынды
6 жыл бұрын 3204 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иран билігі азаматтарына кез келген валютаны, соның ішінде доллар да бар, валюта айырбастау орындарында сатуға немесе сатып алуға тыйым салды. Ирандық бұқаралық ақпарат құралдары хабарлағандай, валюта айырбастау орындарында тек алтынды сатуға немесе сатып алуға болады. Аталмыш тыйым белгілі бір мерзімге дейін күшінде болады. Сондай-ақ, ирандықтар банкте емес, өз жанында сақтайтын шетелдік валюта шегін белгілеген болатын. Иран орталық банк сайтында жарияланған хабарламаға сәйкес әр азамат жанында сақтауға болатын шетелдік валюта мөлшері 10 мың еуродан аспауы тиіс. Бұл тыйымды елемегендер заңмен қудаланады.

0 пікір
Мұрағат