Шартарап: Қала орталығында кенеттен пайда болған шұңқыр бірнеше автомобильді «жұтып» қойды (ВИДЕО)
Шартарап: Қала орталығында кенеттен пайда болған шұңқыр бірнеше автомобильді «жұтып» қойды (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 2372 inform.kz 24.kz masimka.com

Қытайда қала орталығында кенеттен пайда болған шұңқыр бірнеше автомобильді «жұтып» қойды, деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы». Оқиға сыртқы бейне бақылау құрылғысының таспаларына кездейсоқ түсіп қалған. Онда үлкен шұңқырға ағаш пен жолдың жиегінде тұраққа қойылған төрт көлік пен ағаштың қалай құлап кеткенін көруге болады. Пайда болған шұңқырдың ауданы 30-ға жуық шаршы метрді құрады. Оқиғаның мән-жайлары нақтыланбай отыр. 

Ойын алаңында жарақат алған аргентиналық футболшы көз жұмды (видео)

Аргентинада футбол ойыны кезінде жараланған спортшы Микаэль Фавре ауруханада жан тапсырды. Былғары доп шеберлерінің кездесуі кезінде ол басынан жарақат алған болатын. Алаңда екі топ ойыншылары бір-бірімен жаға жыртысып жатқанда Фавре бетінен соққы алып, есінен танып қалған еді. Дереу емханаға апарғанымен, дәрігерлер ажалға араша түсе алмады. Алтөбелеске қатысқан футболшылар полиция бөлімшесіне жеткізілді.

 Құзға өрмелеуші әйел көп қабатты үйдің үстіне шаңсорғыштың көмегімен шықты (ВИДЕО)

 

LG компаниясы өзінің тұрмыстық техникасын жарнамалау үшін қызықты маркетингтік қадамдарымен таңдандырып келеді. Вакуумдық аңсорғыштарды жарнамалау үшін маркетологтар құзға өрмелеуші әйел Сьерра Блэйр-Койлды шақырып, оған шаңсорғыштардың көмегімен 140 метрлік биік ғимаратқа шығуды ұсынды. Шаңсорғыштар ғимараттың шыны бетіне жабысып тұратын вакуумдық сорғыштар үшін пайдаланылды. Құзға өрмелеуші мен альпинистік жабдықты әйнекті қабырғада ұстап тұруға Code Zero K94SGN екі шаңсорғышының қуатты жеткілікті екен. Олардың жалпы салмаға 70 келі болды.

 

0 пікір
Мұрағат