Жануарлар әлемі: Аюлар қаланы «жаулап» алды (ВИДЕО)
Жануарлар әлемі: Аюлар қаланы «жаулап» алды (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 3468 inform.kz epochtimes.ru 24.kz mirfactov.com stan.kz massaget.kz Г.Абилова

Канадалық аюлар тұрғындары орман өрттері салдарынан қауіпсіз жерге шығарылған Форт-Макмюррей қаласын басып алуы мүмкін. Жергілікті полицейлер қаланы күтпеген қонақтардан қорғап қалуға әрекеттеніп отыр. Канадалық Альберта провинциясының ормандарында 40 мың аю мекендеп жатыр. Алайда, өрт салдарынан орманның көп бөлігі өртеніп, жануарлар табиғи тіршілік ету ортасынан айырылды. Азық іздеп жүрген аюлар сол үшін қалаға кіруге мәжбүр болып отыр, ал мұнда адамдардың болмауы олардың саяхатын қауіпсіз етуге жағдай жасауда. Бұдан басқа, бос қалған үйлерде азық-түлік бүліне бастап, иісі бүкіл қалаға тарап кеткен. «Адамдардың болмауы аюлардың бұрын бармаған жерлерге кіруіне жағдай жасап отыр», - дейді Альберта университетінің профессоры биолог Ли Фута. 

Айфонмен балық аулау (видео)

Австралиялық блогерлер айфонмен балық аулау тәсілін ғаламторға жариялапты. Роликте олар «қармақ-айфонды» суға лақтырып, сәл ғана уақыттан кейін анау-мынау емес 5 келілік балықты аулап алған. Сынық смартфонның қалай кәдеге асқаны туралы роликті бірге тамашалайық! 

70 акула туристердің көзінше китке шабуыл жасады (видео)

Австралияның Джералдтон туристері Дерк-Хартог аралында екі апталық саяхат жасай жүріп, ерекше жағдайдың куәсі болды. 70-тен астам акула 6 метр жерде тұрған 15 адамы бар 2 қайыққа қарамастан китке шабуыл жасап, етін жеді. "Eco Abrolhos" компаниясның экскурсия қызметкерлері суасты камералары мен пилотсыз ұшақ арқылы акулалар мен киттің шабуылын жан-жақты түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.

Тазалаушының әбден мазасын алған пандалар (видео)

Хайуанаттар бағының тазалаушысы панда паналайтын орынды ретке келтірмекші болады. Алайда пандалардың іші әбден пысқан болу керек тазалаушыға келіп, кедергі келтіре береді. Бірақ та бақ қызметкері оған еш ашуланбастан олармен тез ойнай кетеді. 

0 пікір
Мұрағат