Шартарап: Ғалымдар иненің ұшына орналастыруға болатын медицина камерасын жасады
Шартарап: Ғалымдар иненің ұшына орналастыруға болатын медицина камерасын жасады
8 жыл бұрын 2862 inform.kz

Германиядағы Штутгарт университетінің зерттеушілері 3D баспа технологиясының көмегімен көлемі иненің ұшындай ғана жаңа медициналық камера жасады. Бұл туралы «naked-science.ru» хабарлады.

Адам денесінің ішкі бейнесін алу - өте күрделі жұмыс. Осы мәселені шешу үшін зерттеушілер тұздың кішкене дәніндей күрделі линза жүйесін ойлап тапты, оның кішкентайлығы сондай медициналық иненің ішіне орналастыруға болады. Бұл құрал медицинадағы жаңалық қана емес, алдағы уақытта смартфон, дрон секілді басқа да аппараттарға өте кішкентай камералар жасауға мүмкіндік береді.

Ғалымдар үш объективтен тұратын камераны 3D баспа технологиясының көмегімен жасады. Олардың айтуынша, осындай әдіспен 10 микрометрге дейінгі дәлдікпен оптикалық линза жүйесін әзірлеп шығуға болады. 

Швейцарияда кесіртке робот жасалды (ВИДЕО) 

Лозанна қаласындағы Швейцарияның жоғары техникалық мектебінің мамандары (Swiss Federal Institute of Technology) саламандра кесірткесінің қимыл-қозғалысын айнытпай қайталайтын робот жасады. Ол 3D баспадан шығарылды, работтың жүйке жүйесінің жұмысына электронды кесте жауап берді. Бұл туралы «National Geographic» хабарлайды.

Механикалық роботты жасаушылар жобаға саламандраның рентген суреті мен бауырымен жорғалаушының суда және құрғақтағы жүрісі түсірілген видеоны пайдаланды. EPFL мамандары бұл қаңқаның 3D-моделіне негізделген алғашқы робот деп мәлім етті.

Жоба омыртқалылардың қаңқа құрылысын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.  Осыған негіздей отырып ары қарай адамдардың жетілдірілген нейропротездерін жасауға болады, ол мүгедек адамдарға көмекке келеді.  

0 пікір
Мұрағат