Саудияда университет орналасатын әлемдегі ең үлкен сауда-сауық орталығы бой көтереді (видео)
Саудияда университет орналасатын әлемдегі ең үлкен сауда-сауық орталығы бой көтереді (видео)
1 жыл бұрын 1729 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Саудияда Мукааб деп аталатын ауқымды жоба құрылысы басталды. Оның аумағында саябақ пен университет болмақ. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзі мәлім етеді. Осылайша куб түріндегі әлемдегі ең үлкен әрі өзгеше сауда-саттық және ойын-сауық орталығы аталған араб елінің астанасында тұрғызылады. Ғимараттың ұзындығы мен биіктігі 400 метрден кем болмайды. Ал жалпы ауданы – 19 шаршы шақырым. Ер-Рияда қаласында туристерді тарту үшін салынатын ғимараттың шатырында ағаш өсіріледі, дәлірегі, саябақ болады. Ал ішінде технология және дизаин жоғарғы оқу орны, көрме, 100 мың пәтер, 900-ден аса қонақүй бөлмесі, кеңселер, дүкендер мен мейрамханалар және кинотеатрлар, мәдени және туристік алаңдар, т.б. болады. Сауда және сауық орталығы мен басқа да кеңістіктер текшенің шетінде орналасады ал, ортасында - тұрғын үйлер болады және 360 градустық көрінісі бар алып мұнара бой көтереді. Мукааб Ер-Риядтағы ең биік ғимарат болады. Бұл ғимараттың құрылысы 2030 жылы аяқталады.

0 пікір
Мұрағат