Сахабаның тасқа қашалған жазбасы табылды (фото)
Сахабаның тасқа қашалған жазбасы табылды (фото)
6 жыл бұрын 6403 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудияның Йеменмен шектесетін таулы Нажран өңірінен хижра жыл санауы бойынша 10-шы жылға тиесілі тасқа қашалған жазу табылды. Бұл жазбада бір топ адаммен Нажраннан Пайғамбарымызға (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) аттанған Иазид ибн Муабия ибн Хазн ибн әл-Мұһажалдың есіміті кездеседі. Аты аталған сахаба да арасында бар топ Пайғамбарымызға (с.а.с.) хижраның 10-шы жылында аттанған болатын. Тас қашауда: "Алла Иазид ибн Муабия ибн Хазн ибн әл-Мұһажалға мейрімін төксін. Амин" деп жазылған. 



0 пікір
Мұрағат