Құрбан айттың алғашқы күні британ министрі Әзірет Сұлтан мешітінде болды (видео)
Құрбан айттың алғашқы күні британ министрі Әзірет Сұлтан мешітінде болды (видео)
7 жыл бұрын 2974 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қасиетті Құрбан айттың алғашқы күні Британияның Еуропа және Америка жөніндегі министрі Алан Данкан Астана қаласындағы Әзірет Сұлтан мешітінде болды. Қадірменді мейман әсерімен бөлісіп, лебізін былай білдірген екен: "Менің артымда керемет Әзірет Сұлтан мешіті тұр. Қаладағы белгілі қонақжай орындарының бірі, бүгін мен оған кірудің құрметіне ие болдым. Қыркүйектің бірі - ислам күнтізбесіндегі ең маңызды күн. Сол себепті, мен мешіт алдында тұрмын, мен ізгі тілектерімді білдіргім келеді. Құрбан айт құтты болсын",- деді сөзінің соңында қазақшалап. Бұл видео оның Фейсбук әлеуметтік желісіндегі Қазақстан Республикасындағы Британ елшілігінің парақшасынан алынды. 

 

0 пікір
Мұрағат