Құран кереметтері туралы көрме ашылады
|
Бүкіл әлемдік ислам лигасының бас хатшысы Мұхаммед бин Әбдікәрім әл-Исса таяуда Еуродағы Құран өртеу акциясына қарсы жаңа жобаны жүзеге асырмақшы. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Iqna дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жоба аясында қасиетті Меккеде Құран кереметтерінің халықаралық көрмесі ашылады. Бұл жоба қасиетті Құранда бар таңғажайып ғылыми фактілерге қатысты ағартушылық миссияға құрылған. Мұражай ислам ғұламалары, тәржімашылар мен Құран қариларының халықаралық қауымдастығының демеушілігімен құрылады. Мұражайда Құран және оның жоғары рухани құндылықтары туралы түрлі іс-шаралар, конференциялар, форумдар, дәрістер өткізу жоспарлануда.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
От шашып, жалын бүркетін робопс пайда болды (видео)
■
Ым-ишара тілін дауысқа айналдыратын (аударатын) смарт көзілдірік жасалды (видео)
■
Сауытты бұзатын ұшқышсыз ұшу аппаратының мүмкіндіктері жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Шоколадтың жаһандық қорына қауіп төнді
■
Екпенің жарты ғасырда шамамен 154 млн адамның өмірін құтқарғаны белгілі болды