Қозғалып тұратын қос мұнара (ФОТО)
Қозғалып тұратын қос мұнара (ФОТО)
8 жыл бұрын 6094
Иран мемлекетінің басты қалаларының бірі Исфахан шаһарында ислам дінінің көне ескерткіштерін көптеп кездестіруге болады. Солардың бірі – қозғалып тұратын қос мұнарасы бар әл-Абдулла кесенесі. Жұмбағы әлі күнге дейін шешілмей келе жатқан ғимарат XIV ғасырда бой көтерген.

Биіктігі алты метр болатын мұнараны қолыңызбен итерсеңіз, қозғалысқа еніп, шайқала бастайды. Таңғаларлығы – бұл уақытта екінші мұнара да қозғалысқа келеді. Қазіргі уақытта мұнараларды тербетіп тұру үшін арнайы қызметкерлер тағайындалған. Олар әр жарты сағат сайын туристтер үшін мұналарды тербетіп отырады.

Жер сілкінісі жиі орын алатын аймаққа арнайылап салған қозғалмалы мұнаралардың құпиясы әлі күнге дейін шешілмей келеді.

0 пікір
Мұрағат