Қолынан тәспісін тастамайтын Жансейіт Түймебаев жұрт назарына ілікті (фото)
Қолынан тәспісін тастамайтын Жансейіт Түймебаев жұрт назарына ілікті (фото)
8 жыл бұрын 4229 ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ. ФОТО: NUR.KZ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев аймаққа қарасты қала, аудандарды қолына тәспі ұстап жүріп аралады деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі. 

Қолынан тәспісін тастамайтын Жансейіт Түймебаев жұрт назарына ілікті (фото)

Облыс әкімі Түймебаев мырза өзіне дейінгі басшылардан ерекшелене түсті. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаевтың облысқа жасаған сапары барысында холдингтің еншілес компаниялары қаржыландырған бірқатар нысандарды төрағамен бірге аралаған Түймебаев қолынан тәспісін тастамай жүрді.

Қолынан тәспісін тастамайтын Жансейіт Түймебаев жұрт назарына ілікті (фото) 

Айта кетейік, Ерболат Досаев облысқа жасаған сапарында алдымен Шымкентте мәжіліс өткізіп, кейін аймақ басшысымен бірге «Бәйтерек» Ұлттық холдингінің қолдауымен «Асар» шағын ауданында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарлама аясында бой көтеріп жатқан көпқабатты үйлердің құрылысымен танысты.

Қолынан тәспісін тастамайтын Жансейіт Түймебаев жұрт назарына ілікті (фото) 

Бұдан өзге Досаев Шымкент қаласы мен Қазығұрт ауданындағы индустриалды аймақтарындағы өндіріс орындарын аралап, жаңа жобалармен танысты.

Облысқа арнайы келген холдингтің басқарма төрағасы өз сөзінде тұрғын үй құрылысы мен кәсіпкерлік салаларын дамытып, қолдауға дайын екенін жеткізді

1 пікір
  • Бұл кісі Білім министрі болып тұрғанда мектептерде хиджап киюге рұқсат сұрағандарға рұқсат берген жоқ!
    8 жыл бұрын
Мұрағат