Қажылық сапарға велосипедпен шыққан қазақстандық Ыстамбұлға аялдады
Қажылық сапарға велосипедпен шыққан қазақстандық Ыстамбұлға аялдады
8 жыл бұрын 2915 24.kz

Қажылық сапарға велосипедпен шыққан қазақстандық саяхатшы Ыстамбұлға аялдады. Қасиетті мекенге жалғыз өзі аттанған Талғат Жұмабеков 70 күнде 6500 шақырым еңсеріп, 36 қаланы шарлап үлгеріпті. Саяхатшы сапар барысында табиғаттың талай тосын мінезіне тап болғанын айтады. Ең қызығы, Батуми қаласынан шыға берісте астаналық шиханкез Асқар Сызбаевпен кездейсоқ жолы түйісіпті. Асқар Ыстамбұлға, одан соң Жерорта теңізін жағалай Антальяға жаққа бағыт ұстаған екен. «Енді Ыстамбұлға жеткенше Асқардың дөңгелегі 12 рет жарылды. Бір жолда зытқып келе жатсақ та, менікіне түк те болмады. Осыдан кейін Алла ниетіме орай, үлкен сапарымды жеңілдетіп жатса керек деген ой түйдім», - дейді Талғат ағамыз. Толығырақ осы өңірдегі меншікті тілшіміз Ержан Жүністің материалынан көре аласыздар. 

0 пікір
Мұрағат