Оңтүстік Кореяда 2 адам жер астына түсіп кетті (видео)
Оңтүстік Кореяда 2 адам жер астына түсіп кетті (видео)
9 жыл бұрын 4012

Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында автобус жолаушылары оқыс оқиғаға тап болды. Аялдамада қоғамдық көліктен түскен екі адам кенеттен жер астына құлап кеткен.

Келеңсіз жайтты көшедегі бейнекамералардың бірі түсіріп алған. Тереңдігі 3 метр, ал ені 1,2 метр болатын шұңқырдан адамдарды құтқарушылар көтергіш кранның көмегімен алып шықты.

Алған жарақаттары жеңіл болғанымен, олар ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлік тексеруден өтті. Мамандардың айтуынша, шұңқырдың пайда болуына табиғи құбылыс әсер етуі мүмкін.

Яғни, жерасты суларының әсерінен топырақ қатты жұмсарып, опырылып түскен деген болжам айтылуда. Қалай болғанда да қазір оның нақты себебі анықталуда. 

0 пікір
Мұрағат