«Музей түні» жақындап келеді
«Музей түні» жақындап келеді
2 жыл бұрын 711

BAQ.KZ ақпарат көзінің хабарлауынша, ҚР Ұлттық музейінің ең басты ерекшеліктері ретінде жаңа технологияларды тиімді пайдалануын атауға болады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде музей директоры Дархан Мыңбай мәлімдеді.

«Бүгінгі күні Ұлттық музейде 170 мыңнан астам экспонат жиналды. «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы аясында біршама белгілі тұлғалардың қолданған заттары қабылданды. Бұл акцияны біз музейге деген құрмет деп білеміз. Жәдігерлерді сақтауға Ұлттық музейде барлық жағдай жасалған. Сақтау бөлмелеріндегі барлық материалдар патенттелген өнімдерден жасалған. Музейдің қызметі әлемдік стандарттарға жауап береді. Музей ісіндегі ең басты талап – жәдігерлерді халыққа ұсынудың жолдарын қарастыру. Бұл орайда ҚР Ұлттық музейі барынша жұмыс істеуде. Өз жұмысымызда заманауи түрлі технологияларды қолданып келеміз. Әсіресе, көрмелер ұйымдастыру үшін музей жаңа техниканың түрлерімен қамтамасыз етілді», - деді Д.Мыңбай. 
Айта өтейік, ашылғанына 1 жыл толатын ҚР Ұлттық музейін бүгінгі күні 200 мыңға жуық адам тамашалап үлгерді. Музей ұжымы өздерінің осы уақытқа дейінгі жұмыстарының қорытындысы ретінде 18 мамыр күні «Музей түні» шарасын өткізеді.

0 пікір