«Мұхаммед ﷺ» фильмі жарыққа шықты (фото+видео)
«Мұхаммед ﷺ» фильмі жарыққа шықты (фото+видео)
8 жыл бұрын 6279 ummet.kz

«Мұхаммед ﷺ» дәуірлік фильмі жуырда Ресей кинопрокатына шығады. Иран киноматографтарының тарихи туындысын дағыстандық көрермендер бірінші болып көреді. Фильм көрсетілімі Дағыстанда 18 қараша күні басталады. 

«Мұхаммед ﷺ» кинокартинасы – «Мұхаммед ﷺ пайғамбар өмірі» трилогиясының бірінші бөлігі. Туынды ардақты пайғамбарымыздың ﷺбалалық шағын (12 жасқа дейін) көрсетеді және Батыс кеңістігі үшін әлі де беймәлім Ислам дінінің таралуы жайын баяндайды.

Фильм жұмысына әлемдік деңгейдегі режиссер Маджид Маджидтің жетекшілігіндегі халықаралық команда қатысты. Түсірілімге дейін өте ауқымды зерттеу жұмыстары жүргізілген. Таяу Шығыс (Ливан, Ирак) және Африка (Марокко, Алжир, Тунис) елдерінде сақталған ежелгі тоғыз тарихи мәтінге зерттеу жасалды. Режиссер фильм сценариіне 2007 жылы кіріскен, туындының алғашқы жұмыс нұсқасының өзіне екі жылын сарп етті.

Ал негізгі түсірілім Тегераннан 55 шақырым жердегі байырғы Мекке мен Мәдина шахарларын еске түсіретін табиғи ландшафтта өтті. Фильмнің кейбір бөлімдері Деште-Лут сахарасы мен Парсы шығанағы жағалауларында, сондай-ақ Оңтүстік Африка республикасында түсірілді. Түсірілімге бес жүзден аса әртіс атсалысты, ал қосымша қызметтік топ пен режиссерлік құрам өз алдына бір команда болды.

Әртүрлі елдерден – белгілі италиялық кинооператор Витторио Стораро («Оскар» марапатын алған), монтажшы Роберто Перпиньяни, арнайы эффектілерді қоюшы режиссер Скотт Андерсо, композитор Алла Ракха Рахман, қоюшы-суретші Мохсен Шах Эбрахими, т.б. мамандар шақырылды.

Картина тарихи фактілерді негізге ала отырып, VII Арабия түбегінде болған оқиғалар желісімен түсірілді. Фильмге Мұхаммед пайғамбар арқылы жеткен ислам құндылықтары арқау болды. Ол құндылықтар – барлық адамзат үшін қастерлі саналатын мейірім, ізгілік, жомарттық, қамқорлық, достық пен сыйластық сезімдері.

Фильм әлемдік «Оскар» марапатының «Ең үздік шет тіліндегі көркем фильм» номинациясына ұсынылған. Аталмыш туындының көркемдік құндылығы сөзсіз өте жоғары. Алайда, картинаның басты құндылығы қазіргі әлем мен қоғам үшін аса қажетті ағартушылық, рухани қайнарында екені белгілі. 

 
 
 

 

0 пікір
Мұрағат