АЛМАТЫДА ХАЛАЛ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ
АЛМАТЫДА ХАЛАЛ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ
8 жыл бұрын 6427 muftyat.kz ҚМДБ Халал өнімдерін стандартту бөлімі

Алматыда тұңғыш рет ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің сертификатын алған ХАЛАЛ өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке қараша айының 11-12 күндері Алматы орталық мешітінің ауласында ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеге ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің сертификатын алған 30-дан астам компания өкілдері өз өнімдерін қояды. Атап айтқанда, ет, шұжық, кондитерлік өнімдер, сусындар және азық-түлік өнімдері. Сонымен бірге, биологиялық белсенді қоспалар да аталмыш жәрмеңкеге қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш бөлім 2014 жылы қазан айында құрылып, осы күнге дейін 70-ке жуық кәсіпорынға халал сертификатын берді.

0 пікір
Мұрағат