Мигранттарға қолұшын созғандар абақтыға жабылады
Мигранттарға қолұшын созғандар абақтыға жабылады
6 жыл бұрын 2788 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Венгрия билігі заңсыз мигранттарға көмек көрсеткендерді бас бостандығынан айыратын заң жобасын парламентке ұсынды. Аталмыш заң жобасында заңсыз мигранттарға жәрдемдескендердің айыбы дәлелденсе, бір жылға дейін абақтыға жабылады. Ал құқық қорғаушылар не дейді? Мұндай әрекетті қылмысқа жатқызудың мынадай шикілі бар көрінеді: мигранттарға олардың қандай құқықтары барын түсіндіру де, олардың пана сұрап өтініш жазуына көмектесу де немесе сотта оларды қорғау да заңсыз мигранттарға қолұшын созу болып табылады. Яғни, аталған заң жобасы қабылданса, мигранттарды құқығы тапталады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, соғыс жүріп жатқан Таяу Шығыс пен Африканың солтүстігінен кәрі құрлыққа ағылған мигранттар қарасы рекордтық деңгейге жетіп, Еуроодақтың бас ауруына айналған еді. Адам құқығына құрметпен қарайтын Еуроодақ жетекшілері ЕО-ға мүше елдерге мигранттарды қабылдауға квота тағайындап, босқындарды бөліп алуға міндеттеген еді. ЕО-ның бұл шешіміне Венгрия қарсы шыққан еді. 

0 пікір
Мұрағат