Мәскеулік қыз селфи жасаймын деп өзін атып алды
Мәскеулік қыз селфи жасаймын деп өзін атып алды
9 жыл бұрын 3111

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, Мәскеуде 21 жастағы бойжеткен тапанша ұстаған сәтін суретке түсіремін деп абайсызда өзін-өзі атып алды. 

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, бойжеткен ұялы телефондағы кнопканы басамын деп тапаншаның шүріппесін басып жіберген. Оң жақ самайдан тиіпті.

Оқиға Мәскеудегі жеке фирмалардың бірінде орын алған. Тапаншаны сол ғимаратты күзетіп тұрған сақшы тастап кеткен көрінеді. Қазіргі таңда жарақат алған қыз ауыр халде ауруханаға түсті. 

0 пікір
Мұрағат