МӘДАИН-САЛИҺ – ТАС ҮЙ (ФОТО)
МӘДАИН-САЛИҺ – ТАС ҮЙ (ФОТО)
8 жыл бұрын 4681 travel.ru

Мәдаин-СалеҺ (Хегра; әл-Хижр) – Сауд Арабиясындағы ежелгі сәулет ескерткіші. Осыдан екі мың жыл бұрын Арабстанның шөл даласындағы кеурен жолында набатейлік Хегра шаһары пайда болды. Ол біздің дәуірімізге дейінгі 200 жылдан біздің дәуіріміздің 200 жылына дейін өркендеп, алыс-жақын аймаққа белгілі қалаға айналды. 

Набатей өнері түрлі мәдениетің әсеріне ұшырап, өзінше өрнекке ие болып, өркен жайды. Ассириядан, Финикиннен, Мысырдан және Александриядан ағылған саудагерлер төрт ғасырдың ішінде қаланың бейнесін өзгертті. Түрлі мәдениеттердің әсерінен пайда болған мына фото-суреттердегі тас үй, дәлірегі, мазар. 

Біздің дәуіріміздің II-ші ғасырында римдіктер жаулап алғаннан кейін Хегра қаласы Рим империясының құрамына кіреді. Сауда-саттық қатынас Қызыл теңіз жолымен жанданғаннан кейін бұл қаланың да күйі кете бастайды. Осман империясы кезінде Хегра қаласына таяу жерден Түркиядан, Ливаннан және Палестинадан қажыларды қасиетті Мекке шаһарына жеткізетін теміржол тартылады. 

Мәдайн-Салеһ аумағынан бүгінгі таңда жартасты 111 мазарды көруге болады. Олардың бәрі біздің дәуіріміздің 1-ші ғасырына тән. Сондай-ақ, тастан қашалған мұнаралар, тұрғын үйлер, ғибадат ғимараттары және гидротехникалық құрылғылар ұшырасады. 

2008 жылы Мәдайн-Салеһ ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мұралар тізіміне енді.

 

0 пікір
Мұрағат