Кітап астанасы мұсылман еліне көшеді
Кітап астанасы мұсылман еліне көшеді
7 жыл бұрын 2829 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

UNESCO-ның бас директоры Ирина Бокова 2019 жылы Біріккен Араб Әмірлігіне қарасты Шарж қаласы бүкіл әлемдік кітап астанасына айналатынын мәлімдеді. Арнайы комитет осындай шешім қабылдаған екен. Бұл мәртебелі атақты жеңіп алған аталған ел қандай артықшылығымен немесе ерекшелігімен кітап астанасына айналмақ? Инновациялық және креативтік жобаларымен, қоғамға қолайлы қызметімен осындай жеңіске қол жеткізген. Айтулы шара "Оқыңыз - сіз Шарждасыз" атты девизбен өтеді. Онда алты негізгі тақырып қозғалады: ынтымақтастық, оқу, мұра, қол жетімділік, жарияланым, балалар. Жас шығармашылық иелеріне арналған жеке бағдарлама да қарастырылған. 

0 пікір
Мұрағат