Жапондардың ұлттық нақыштағы шариғи киімі (фото)
Жапондардың ұлттық нақыштағы шариғи киімі (фото)
5 жыл бұрын 4314 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дамыған елдердің көш басында тұрса да көненің көзін ескінің сарқыншағындай күресінге лақтырып тастамай, керісінше көздің қарашығындай сақтай білген, озық технологиясымен әлемді аузына қаратса да салт-дәстүріне ежелден бері берік жапондар шариғи киімдерінде де ұлттық нақышты қолданыпты. Бұл бағытта күншығыс елінде кимоно үлгісіндегі хижабтар жергілікті мұсылмандар арасында сұранысқа ие бола бастаған. Жапониядағы Yumeyakata сауда орнында хижабтың 20-дан аса түрімен қамтамасыз ететін желісіне ие. Жазға салым шариғи көйлектердің ассортиментін 50 нұсқаға дейін көбейтуді көздеп отыр. Көктем мезгіліне қарай қолға алынған бұл шарада мұсылман елінен келетін туристер қарасын арттыру мақсаты көзделген. Сөз орайы келгенде айта кету керек, өткен жылы сакура гүлдегенде оны 257 млн турист тамашалаған болатын. Бір сакураның гүлдегенін көру үшін әлемнің әр түкпірінен ағылып келетін шетелдіктер қарасы көп. 

0 пікір
Мұрағат