Жаһан: Әлем елдерінің суретшілері ислам мәдениетін бейнелеген туындыларын көпшілікке ұсынады
Жаһан: Әлем елдерінің суретшілері ислам мәдениетін бейнелеген туындыларын көпшілікке ұсынады
9 жыл бұрын 4848 ҚазАқпарат

Қазан айында Дубайда «Ахлан Арт» лондондық галереясының экспозициясы ашылады, оған БАӘ елдеріне келген түрлі елдердің суретшілерінің ислам мәдениетін бейнелеген 35 еңбегі қойылады.

«Ислам рухы» атты көрмеге Азия, Африка, Ұлыбритания және Таяу Шығыс елдерінің қылқалам шеберлері қатысады, деп хабарлайды The National. Олар өз туындылары арқылы қасиетті Құран мен қажылықтың мән-маңызын ашып көрсетуге ұмтылады.

Қазан айының екінші аптасында басталып, 18 қазанда аяқталатын көрмедегі басты бағалы туындылар әлемдік даңққа ие ислам әлемінің суретшілері Сиддика Джума (Siddiqa Juma) мен Питер Гульдтің (Peter Gould) өнерлері болмақ. Көрермендер көрме барысында суретшілермен кездесу мүмкіндігіне ие болады.

 

Әлемдік деңгейдегі Құран жарысының жеңімпаздары ақшалай сыйлықтарға ие болды 

Мәскеуде өткен әлемдік деңгейдегі Құран оқудан жарыста ирандық Муса Мотамеди жеңіске жетті. "Крокус Сити Холл" концерт залында исламдық мәтінді жатқа оқушылар әлемнің 44 елінен жиналды. Олардың арасында Германия, Англия және АҚШ өкілдері де бар, деп хабарлайды ТАСС.

Байқауда екінші орында Йеменнен келген Заид Абдулатиф Абдулла әл-Санаани, үшінші орынды Танзаниядан келген Омари Абдалла Салим алды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар беріледі. Оның ең жоғары мөлшері - $5 мың көлемінде. 

Жарысқа қатысушылар Құран аяттары мен сүрелерін жатқа оқыды. Әр қатысушы Құран мәтінінің алғашқы жолдары жазылған билеттерді суырып алып, оны төрешілер тоқтатқанша жатқа айтып берді. Қазылар құрамына Йордания, Ресей, Бруней, Мысыр, Йемен елдерінің өкілдері енді. 

Мереке қонақтары үшін үш рет Ұмра қажылығына бару ойнатылды. Мүфти кездейсоқ нөмірлер арқылы залдан жеңімпаздарды анықтады.

 

Ақ аюлар мұзды алаңның азаюы салдарынан теңіз құстарын аулауға көшті
Франц-Иосиф жері архипелагын мекендейтін, Қызыл кітапқа енген ақ аюлардың тіршілік кешуін мұзды алаң көлемінің азаюы кері әсерін тигізіп отыр.

Олар итбалықтарды аулау қиындығы туындағандықтан теңіз құстарына көшті. Бұл туралы  "Русская Арктика" ұлттық саябағы директорының ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары Мария Гаврило мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, көктемгі-жазғы маусымда зерттеушілер сол маңайдан 130-дан астам аюды байқаған. Оның ішінде қонжықтар да бар. "Аңғарғанымыз аюлар теңіз құстарын аулауға көшкен", - деді Гаврило.

Ғалымдар мұны соңғы жылдары Арктикада жаз мезгілінде мұзды жабын аумағының азаюымен байланыстырып отыр. Өйткені негізгі азығын - итбалықтарды аюлар мұздан аулайды.  

0 пікір
Мұрағат