«Исламның мықтылығынан емес, христиандықтың әлсіздігінен қорқуымыз керек»
«Исламның мықтылығынан емес, христиандықтың әлсіздігінен қорқуымыз керек»
6 жыл бұрын 5965 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Православтар кәрі құрлықта мұсылмандардың көбеюін Еуропада христиандық құндылықтардың ұмыт қалғанынан көріп отыр. Тарқатып айтқанда, Мәскеу патриархатының сыртқы шіркеу байланысына жауапты бөлімнің жетекшісі, Волоколам митрополиті Иларион «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында батыс қоғамының дәстүрлі христиан құндылықтарынан бас тартуынан мұсылмандар қаптады деп жауап қатты. (Оның сөзінде белгілі бір шындық болғанымен тұтас ахуалды түсіндіріп беруге дәрменсіз екенін айтқымыз келеді). «Мен тағы бір мәрте ватикандық әріптесім Коханың әлі кардинал бола қоймаған кезінде айтқан сөзін қайталағым келіп отыр: «біз исламның мықты болғанынан емес, христиандықтың әлсіз болғанынан қорқуымыз керек». Ол бұл сөзін Еуропаға қарата айтқан еді»,- деді ол. 

0 пікір
Мұрағат