Чемпионатты саудаға салып, саясаттың құралына айналдырғысы келеді
Чемпионатты саудаға салып, саясаттың құралына айналдырғысы келеді
6 жыл бұрын 2395 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясы билігі ел астанасы – Ер-Рияд қаласында өтуі тиіс рапида және блиц бойынша әлем чемпионатына қатысқысы келетін Израилдің жеті адамнан тұратын шахматшылар құрамасына виза бермей қойды. Осыған байланысты Израилдің шахмат федерациясының баспасөз хатшысы Лиор Айзенберг FIDE-ге жақын арада шағым түсіретіндерін жеткізді. «Шахматшыларға жарысқа қатысуға кедергі келтірсе, бұл әлем чемпионаты емес. Әр шахматшы кәсіби машығын танытуы үшін ұлтына қарамай турнирге қатысуға құқылы» деп мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, Ер-Рияд қаласында желтоқсан айының 26-ы күні шахматтан әлем чемпионаты өтеді. Турнирдің жүлде қоры 2 млн долларды құрайды.

0 пікір
Мұрағат