Иса пайғамбар ескерткішінен XVIII ғасырда жазылған өсиет хат табылды (видео)
Иса пайғамбар ескерткішінен XVIII ғасырда жазылған өсиет хат табылды (видео)
6 жыл бұрын 8045

Кастилия-Леон автономиясында орналасқан Санта-Агуэда сарайындағы Иса пайғамбардың мүсінін қайта жаңартқан қызметкерлер оның ішінен XVIII ғасырда өмір сүрген дін қызметшісі жазған хатты тауып алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Science Alert порталына сілтеме жасап. 

Ескерткіш ішінен табылған хат 1777 жылы жазылған. Дін қызметкері аталған хатта мүсінші Мануэл Бале мен сол заман тұрмысы туралы жазып кеткен. Мұнымен қатар, сол уақытта кең тараған безгек пен іш сүзегі сынды аурулар туралы да мәліметтер келтірілген.

Мамандардың айтуынша, бұл хатты «уақыт капсуласы» деп тануға болады.

0 пікір
Мұрағат