Хуэй мұсылмандарының асу да асу бел асқан бейнетке толы тірлігі... (фото)
Хуэй мұсылмандарының асу да асу бел асқан бейнетке толы тірлігі... (фото)
2 ай бұрын 1052 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай аумағында ресми түрде 56 ұлыстың бары айтылады. Солардың бірі – Хуэй ұлысы. Этникалық жағынан олар қытайдың титулды ұлысы – Ханьдардан наным-сенім жағынан болмаса, өзге айырмашылығы жоқ. Тілдері де ұқсас. 

Десе де ханьдармен тағы бір ұқсастығы – халық медицинасында жатыр. Дәлірегі, қытай кордицепсі – хуэйлердің де «құпия қаруы», әрбірден соң қолға түсіруі қиын табыс көзінде жатыр. Ең керемет афродизиак (жыныстық белсенділікті арттырып қоймай, адамның денсаулығын нығайтатын қасиетке ие деп санайды. Алайда, олардың бұл пікірі ғылыми тұрғыдан дәлелденбегенін де айта кету керек) саналатын аталмыш саңырауқұлақ биік тауда өсетіндіктен оған қол жеткізу оңай емес. Сол себепті, бағасы қымбат. Тіпті, 2010 жылы оның әр келісі 100 мың долларға бағаланған болатын. Емдік қасиеті жоғары, шипалы-мыс өсімдікті іздеп табу үшін қытай мұсылмандары асқар-асқар таулардан асып, асу да асу белдерден өтуіне тура келеді. Жолсызбен, жаяу-жалпылатып. Дәлірегі, 600 шақырымнан аса жол жүреді.  Әдетте олар Цинхай провинциясы аумағындағы Амнэ-Мачин-Шань тауынан іздейді. «Ғажайып» саңырауқұлақты. 

Кордицепс, сондай-ақ, Тибеттегі Гималай тауындағы алпілік беткейлерде өседі. Алайда, ол жаққа жету әрі теру оңай емес. Саңырауқұлақты іздеу жұмыстарының мол табыс әкелген кезі – 2010-11 жылдары болатын. Циньхай провинциясында 150 тоннадан аса саңырауқұлақ жиналса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 43,5 тонндан аспады. Ал 2018 жылы 41 тоннадан әзер асқан еді. Саңырауқұлақ теру үшін қытай мұсылмандары жандарын шүберекке түйіп, 4,5 шақырым биіктікке көтерілетін еді. Әдетте саңырауқұлақты ер-азаматтар іздеуге шықса, әйелдер саңырауқұлақты тазалау мен кептіру жұмыстарымен шұғылданады.

Фотограф Эли Сонг қытай мұсылмандарымен бірге тауға өрмелеп, олардың жанкешті еңбегін таспаға тартып алған екен.

Қатарға жаңа қосылған жастарды әдетте тәжірибелі әрі тісқаққан ересетер бастап жүреді. Солардың бірі 51 жастағы Син Хайрен (фотодағы).

0 пікір
Мұрағат