Елімізде жарты тоннадан астам қан өткізген донор тұрады
Елімізде жарты тоннадан астам қан өткізген донор тұрады
7 жыл бұрын 2135 31.kz bag.kz

Александр Скаковский осы уақытқа дейін жарты тоннадан артық қан өткізген. Қазақстандағы нөмірі бірінші донор 1051 рет қан тапсырғанын айтады. 45 жыл бойы талай жанға көмегі тиген 70 жастағы қарияға көптің қошеметі де ерекше.

«Мен 1971 жылдан бері қан тапсырамын. Ең алғаш босанайын деп жатқан келіншекке қан керек болып, менің қаным сәйкес келген. Менің қанымды құйып нәресте мен анасын аман алып қалды», - дейді донор Александр Скаковский.

Рекордтық көрсеткіші бар отандастарымыз қатарында спортшылар да, альпинистер де бар. Тіпті, әлемде теңдесі жоқ дәрігерлер отбасы да рекордтар кітабына енген. Алматылық Дудаевтар отбасында 28 тіс дәрігері бар екен. Ал 76 жастағы Жан ата ішкі қуаты арқылы адам сенгісіз әрекеттер жасаса, Жамали Диханұлы 6 метр биіктікте 300 өткір пышақтың үстімен жүріп өткен.

«Ең үлкен жетістігім – 2014 жылы Семейдің Қалбатау өңірінде өткен Ер Жәнібектің 300 жылдық асында 300 пышақтың жүзінен 8 минут 47 секундта жүріп өттім», - дейді этнограф Жамали Диханұлы.

Отандасымызға әлемде бәсекелес жоқ екен. Рекордшы өз көрсеткішін ары қарай дамытпақ. Оған қоса, Жамали Диханұлы 15228 адамды бір уақытта «Қара жорға» биіне билеткен адам. 13 тараудан тұратын рекордтар кітабында 325 ең үздік жетістіктер жазылған.

0 пікір
Мұрағат