Елімізде ең көп кітап оқыған 5-сынып оқушысына ешкі тарту етілді
Елімізде ең көп кітап оқыған 5-сынып оқушысына ешкі тарту етілді
5 жыл бұрын 4276 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Павлодар облысындағы Тереңкөл ауылдық елді-мекен әкімі жергілікті оқырманға өзге тұрғыластарына қарағанда кітапты ең көп оқығаны үшін (125 кітап) ешкі сыйлады. Бұл жайында Рavlodarnews.kz ақпарат көзі хабар таратты. Бұл байқауға Тереңкөлдегі кәрі-жас демей, бәрі қатысқан. Мектеп оқушысынан зейнеткерлерге дейін. "Байқау қазақ және орыс тілдеріндегі көркем әдебиетті оқитындар арасында өткізілді. Бас жүлде - тірі ешкіні 5-сынып оқушысы Олег Айтпаев ұтып алды. Ол өткен жылы 125 кітап оқыған. Қалған жеңімпаздар азық-түлік түрінде марапатталды",- деді Тереңкөл ауылдық елді-мекен әкімі Аждар Жүсіпов.

0 пікір
Мұрағат