ДІНТАНУ ПӘНІ 5 СЫНЫПТАН БАСТАЛУЫ МҮМКІН
ДІНТАНУ ПӘНІ 5 СЫНЫПТАН БАСТАЛУЫ МҮМКІН
7 жыл бұрын 6119 e-islam

Алматы мектептерінде дінтану пәні бесінші сыныптан басталуы мүмкін. Бұл жайында Наурызбай ауданын өткен діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі семинар жұмысында мәлім болды, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

Жалпы білім бағдарламасына сәйкес, жоғары сынып оқушылары аптасына үш рет дінтану пәнін оқиды. Алайда, теолог мамандар мұны аздық етеді деп санайды. Олардың пікірінше, балаларға ерте жастан дінтану негіздері бойынша білім берсе, жастардың дәстүрлі емес діни бағыттарға бой ұрып кетуіне тосқауыл болады.

«Өз оқушылары арасында жат ағымға ілескендерді дер кезінде тоқтатуы үшін, денешынықтыру мұғалімдерін дінтану пәніне бейімдеу керек. Себебі, спортпен айналысатын балалардың намаз оқитындары жетерлік» деп атап өтті Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімдігінің дін істері бөлімі маманы Сағидолла Берденов.

0 пікір
Мұрағат