Ашаршылықтан 75 мың бала көктей солуы мүмкін
Ашаршылықтан 75 мың бала көктей солуы мүмкін
7 жыл бұрын 2820

Нигерияның солтүстігінде ашаршылықтан таяуда 75 мың бала өліп кетуі мүмкін. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманиталық бағдарламасын үйлестірушісі Петер Лундберг мәлімдед. Себебі,  «Боко Харам» лаңкестік қарулы тобының қолынан азат етілген солтүстік-шығыстағы Борно штатын ашаршылық жайлап, 14 миллионға жуық адам көмекке зәру. Олардың 400 мыңдайы - кәмелет жасына толмағандар. Ал осы аймақтағы 7 жылға созылған үкімет әскері мен экстремистер арасындағы соғыстан ондаған мың адам опат болған. Сондықтан, халықаралық ұйым бұл дағдарысты бір өзі шеше алмайтынын да айтты.

0 пікір
Мұрағат