Дін істері министрлігінің басшысы Нұрлан Ермекбаев фейсбукке тіркелді
Дін істері министрлігінің басшысы Нұрлан Ермекбаев фейсбукке тіркелді
8 жыл бұрын 2532

Жаңадан құрылған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің басшысы Нұрлан Ермекбаев фейсбук әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты. Министрдің қоғаммен ашық байланысқа шығып, дін төңірегіндегі түрлі мәселелермен тікелей таныспақ ниеті құптарлық қадам. Ол фейсбуктегі алғашқы жазбасында-ақ халықты бірлесе жұмыс істеуге шақырды: 

Құрметті Facebook пайдаланушылары!

Осы пост арқылы Facebook желісінде жеке парақшамды ашып отырмын.
Жеке парақшаны ашуыма негізгі себеп қазақстандықтардың, шетелдік азаматтар мен халықаралық қоғамдастықтың өзім басқарып отырған Министрліктің қызметіне байланысты қызығушылық танытып отырғаны түрткі болғанын жеткіземін.
Министрліктің алдында тұрған маңызды міндеттер жетерлік. Алайда бүгінгі таңда басты міндетіміз – халықпен тұрақты, әділ диалог орнату болып табылады.
Ендігі жерде осы парақша арқылы азаматтар министрліктің қызметі туралы толық мәліметтермен танысып, сондай-ақ жеке пікірлерімен бөлісуге мүмкіндіктері болады деген ойдамын. Яғни, біз әлеуметтік желіні пайдаланушылар арасынан белсенді азаматтық ұстанымы бар «бейтарап» көмекшілерді табуға мүмкіндігіміз бар.
Бұл әлеуметтік ортада әрбір қазақстандық қоғам және еліміз үшін маңызды болып табылатын азаматтық сектор мен діни бірлестіктермен өзара іс-әрекет, діни экстремизмнің белең алмауы және заманауи жастардың қалыптасуы секілді мәселелерді шешуде конструктивті үлес қоса алады. 
Сіздердің көмектеріңіз арқылы, біз мемлекетке пайда әкелетінімізге, экономикалық, мәдени және құқықтық қарым-қатынастар дамыта отырып азаматтық қоғам нығайтатынымызға сенімдімін!

1 пікір
Мұрағат