Бірлігі бекем – ел озар
Бірлігі бекем – ел озар
7 жыл бұрын 3304

Қасиетті Құран Кәрімнің Шұғара сүресінің 13-аятында «Ей, адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам мен Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың» - делінген.

Сан алуан ұлтқа бөліп жаратқан Алланың мейірімі шексіз. Қазақстанды сан алуан ұлтқа отаны деп бұйырған Алланың мейірімі шексіз.

 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аясында Атамекен этно-мемориалды кешені шаңырағы астында Қазақстан Халқының Ассамблеясының Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бірлігі бекем - ел озар» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Қазақстан халқы ассамблеясының секретариат бөлімінің меңгерушісі – Құсайынова Ләззат Сейітқазықызы, Нұр Отан партиясы Астана қаласы Есіл аудандық филиалы Төрағасы Сеитов Ахмет Мағзұмұлы, Астана қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Низаматутдинова Яннат Асхатқызы, Есіл, Алматы, Сарыарқа аудандық аналар кеңесі мүшелері, Астана қаласы этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Жиын барысында бірлік пен ынтымақтың, бейбітшілік пен берекенің қаншалықты маңызды екені сөз қозғалды. Біздің елімізде тұрып жатқан халықтардың озық дәстүрлерін, мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін, салтын, өзіне тән үлгі-өнегесі дәріптелді.  Сонымен қатар ән мен биден шашу шашылып, әр алуан ұлттың дәстүрінен көріністер қойылды.  Жиынды ақ жаулықты ардақты аналарымыз ақ батасын беріп, ниет-тілектерін білдірді.

«Зекет» қорының Баспасөз қызметі

0 пікір
Мұрағат