«Әзірет Сұлтан» мешітінің макетін тарту етті (ФОТО)
«Әзірет Сұлтан» мешітінің макетін тарту етті (ФОТО)
8 жыл бұрын 5738 muslim.kz

Жамағатқа есігін айқара ашқан «Әзірет Сұлтан» мешіті Астана қаласына келсеңіз, алыстан менмұндалайды. Күн сәулесімен алаулаған алып күмбез бен көкке шаншылған мұнаралар көзіңізге бірден шалынады. Астана қаласының ажарын арттыра түскен «Әзірет Сұлтан» мешіті көркем сәулеті мен көлемі жөнінен Орта Азиядағы бірегей мешіттердің бірі саналады. Еліміздің жүрегі Елордаға ат басын тіреген шетелдік қонақтардың да осы құлшылық ордасына арнайы келіп, тамсанып кеткені қаншама.

Күні-түні кісі аяғы үзілмейтін сол «Әзірет Сұлтан» мешітінде бүгін ерекше оқиға орын алды. Осыдан бір жыл бұрын игілікті іске білек сыбана кіріскен Ескендір Қайратжанұлы бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітіне өзінің керемет туындысын тарту етті. Бүгінде өзінің MMK Company деп аталатын түрлі нысандардың кішірейтілген нұсқасын жасаумен айналысатын компаниясын құрып үлгерген Ескендір еліміздің Бас мешітін көрген сәтте-ақ осы жұмысын аяқтамайынша байыз таппайтынын түсінгенін айтады. Жылдан астам уақытын жұмсаған бұл жұмысын ол «Әзірет Сұлтан» тегін тарту ететінін айтып, Алматы қаласынан арнайы келіп макетті мешіт ішіне құрып берді.

Құлшылық ордасына осыншалықты құрмет көрсетіп, көз майын тауысып құрастырған туындысын тарту Ескендір Қайратжанұлы «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының «Алғыс хаты» табысталып, естелік жәдігер сыйға берілді. «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб  имамы  Қуат Ерғалиұлы жамағат атынан алғыс білдіріп, өнерінің өрісті болуын тіледі.

2 пікір
Мұрағат