Ашық есік күндері "есін жиды" (фото)
Ашық есік күндері "есін жиды" (фото)
7 жыл бұрын 3096 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өкінішке қарай, бүгінгі таңда, дәлірегі, біз өмір сүріп отырған қазіргі уақытта, бірге ауа жұтып жүрген замандастарымыздың көбіне исламофобиялық әлеуметтік дерт жабысты. Бұл жағымсыз үрдіс тек батыс елдерінде ғана емес, сонымен қатар, оңтүстік-шғыс Азияда да белең алып келеді. Бір ғана Мьянмадағы будда радикалдарынан қорлық-зорлық көріп отырған рохиньялық мұсылмандардың басындағы жантүршігерлік жағдайда алсақ та жеткілікті. Мұсылмандар осынау жат дертпен күресу үшін түрлі мәдени және ағартушылық бағыттағы шараларды қолға алып жатыр. Сондай шаралардың бірі - наным-сенімі өзге халықтар мен азаматтарған ашық есік күнін өткізу. Гонконгтың қалалық бөлігінде орналасқан Коулун мешіті жыл сайын бұл шараны дәстүрге айналдырып келеді. Биыл аталған мешітке осы шара аясында 1000-нан аса адам келген. Наным-сенімі өзге. Мешіт меймандарына ислам негіздері түсіндірілді. Мешіт тарихы туралы айтылды. Келген қонақтар арасында христиан, будда өкілдерімен қатар атеистер де болды. Олар алған әсерімен бөлісіп, лебіздерін жазып кетіп жатты. Солардың бірі былай жазыпты: "Бізге ислам жайында жаңсақ ақпарат беріліп келген екен, Ислам туралы ойым мүлде өзгеріп сала берді". 

IMG_7667-e1487763161950

IMG_9501-e1487756471366

IMG_9291-e1487760340511

IMG_9193-e1487760972484

IMG_7663-e1487760661820

IMG_9441

IMG_9684-e1487762519622

IMG_7652-e1487761302782

IMG_7649-e1487761048410 (1)

0 пікір
Мұрағат