Араб тілі болашақ тілі болып қалады
Араб тілі болашақ тілі болып қалады
8 жыл бұрын 3712 inform.kz

Араб тілі орамдылығы мен түрлі мәдениеттердегі тарихи рөлінің арқасында болашақ, ғылым мен инновациялар тілі болып қалады. Бұл туралы Дубайда араб тілінен  бесінші Халықаралық конференцияда БАӘ-нің вице-президенті, елдің премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мохаммед бин Рашид Әл Мақтум мәлімдеді.

«Егер біз ғылым, математика және медициналық кітаптар тарихына жүгінсек, олардың көбі араб тілінде жазылып, басқа тілдерге аударылғанын көреміз», - деді шейх Мохаммед. Ол сондай-ақ араб тілінен атаулы сыйлықтың бірнеше жеңімпазын марапаттады.

Швейцарияда орналасқан «Дар Әл Фарах» институты араб тілін екінші тіл ретінде оқытудың үздік бағдарламасы үшін марапатталды. Сауд Арабиясының жоғары білім саласындағы бағалау бойынша Ұлттық орталығы  араб тілін бакалавриат деңгейінде оқытудың үздік бастамасы үшін марапатталды.

Дубай әміршісінің айтуынша, қазіргі кезде басқа шетелдерде әлі күнге дейін пайдаланылып отырған көптеген араб сөздерін табуға болады. «Бұл араб тілінің орамдылығы мен бейімделгіштігінің арқасында болып отыр», - деді әмірлік билеушісі.

0 пікір
Мұрағат