5 жылда Сирия экономикасы қанша шығынға батты? (видео)
5 жылда Сирия экономикасы қанша шығынға батты? (видео)
8 жыл бұрын 2715 khabar.kz

Қарулы қақтығыстар басталғалы Сирия экономикасы құлдырап кетті. Осы елдің саяси зерттеулер институтының сарапшылары: «5 жылда мемлекетке 255 млрд доллар шығын келген», – дейді. Бұл туралы БиБиСи радиосы хабарлады.  Халықтың 50 пайызы жұмыссыз, ал 70 пайыздан астамы кедейшілікте, тойып тамақ та жемейді. Ел қазынасының басты табыс көзі болған ауыл шаруышылығының жайы мүшкіл, денсаулық сақтау саласында қиындық көп дәрігерлер жетіспейді. Халықаралық «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымының мәлімдеуінше, 2011 мен 2015 жылдар аралығында медициналық орталықтарға 336 рет әуеден соққы жасалған. 240 аурухана талқандалып, 697 медицина қызметкері көз жұмған. 

 

0 пікір
Мұрағат